Құрметті клиенттер!
2026 жылғы 9 қыркүйекте сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін Алматы қаласы, Достық даңғылы, 39 мекенжайында орналасқан «Хан-Тәңірі» алаңында «А» тармағының үздіксіз қоректендіру көздеріне (ҮҚК) жоспарлы техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізіледі.
Жұмыстар жүргізілетін кезеңде жабдықтардың электрмен жабдықталуы ҮҚК аккумуляторлық батареялары арқылы қамтамасыз етіледі. Ақау орын алған жағдайда «А» тармағы бойынша электрмен жабдықтауда қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.
Жұмыстарды жоспарлау және көрсетілетін қызметтерді пайдалану барысында осы ақпаратты ескерулеріңізді сұраймыз.
«Б» тармағы қалыпты тәртіпте жұмыс істейді.
Туындауы мүмкін қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.
Құрметті клиенттер!
Алматы қаласында электр энергиясының авариялық ажыратылуына байланысты «Қазтелепорт» АҚ байланыс орталығының 5151 қысқа нөмірі уақытша қолжетімсіз.
Біз сіздермен байланыстамыз және сұрақтарыңызға баламалы байланыс арналары арқылы жауап беруге дайынбыз:
Телефон: +7 727 364 51 51
Электрондық пошта: contact@kazteleport.kz
Кезекші ауысымның WhatsApp нөмірі: +7 701 097 87 32
Туындауы мүмкін қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.
Құрметпен,
«Қазтелепорт» АҚ
Құрметті клиенттер мен серіктестер!
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Астана қаласы, Абай даңғылы, 24 мекенжайында орналасқан «Сандықтау» деректерді өңдеу орталығы (ДӨО) пайдаланудан шығарылып, деректерді өңдеу орталығы қызметтерін көрсету алаңы ретінде өз қызметін тоқтататынын хабарлаймыз.
Осыған байланысты «Сандықтау» ДӨО туралы ақпарат Компанияның ақпараттық, жарнамалық және таныстырылым материалдарынан кезең-кезеңімен алынып тасталады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда +7 (727) 364 51 51 телефоны арқылы немесе marketing@kazteleport.kz электрондық поштасына хабарласа аласыздар.
Ынтымақтастықтарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.
Құрметті клиенттер,
Осы хабарлама арқылы «Сайрам-1» ДӨО-дағы 1.1 және 1.2 ҮҚК-лерінде (А желісі) жоспарлы сервистік жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлаймыз.
Жұмыстарды өткізу күні мен уақыты: 17 маусым, Астана уақыты бойынша сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін.
Жұмыстар барысында электрмен жабдықтау дизель-генераторлық қондырғыға (ДГҚ), ал ҮҚК жүктемесі сервистік байпасқа ауыстырылады.
Жұмыстар жүргізілетін кезеңде штаттан тыс жағдай туындаған жағдайда электрмен жабдықтаудың (А желісі) қысқа мерзімді үзілу қаупі бар.
Ықтимал қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.
Соңғы жаңалықтардан хабардар болыңыздар
Email-ға жіберілген кодты енгізіңіз
Таратылымдарға жазылдыңыздар ма, жазылудан бас тартасыз ба?