Құрметті клиенттер!
«Казтелепорт» АҚ Алматы қаласында орналасқан деректерді өңдеу орталығының (ДӨО) желілік инфрақұрылымында жоспарлы регламенттік жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлайды.
Жұмыстар 12 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша 05:00-ден 06:00-ге дейін өтеді. Көрсетілген уақыт аралығында ДӨО-ның бұлтты қызметтері бойынша интернет желісіне қолжетімділіктің қысқа мерзімді үзілуі мүмкін. Colocation қызметтеріне әсер етуі күтілмейді. Қолжетімділіктің жиынтық үзілу уақыты 10 минуттан аспайды.
Жұмыстар инфрақұрылымның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және оның ақауға төзімділігін арттыру мақсатында жүргізіледі.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс білдіреміз.
Көрсетілген уақыт аралығында ұсынылатын сервистерді уақытша тоқтату жоспарлануда.
Мүмкін болатын үзілістің жалпы ұзақтығы - үш сағатқа дейін.
Ықтимал қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз.
OpenStack инфрақұрылымын жаңарту бойынша техникалық жұмыстарға байланысты, жоспарлы жұмыстардың жүргізілетіні туралы хабарлаймыз. Жұмыс барысында horizon01.kazteleport.kz порталына кіруге және оның API (инфрақұрылымды басқару) қолдануға мүмкіндік болмайды. Интернет байланысы кезінде барлығы 30 минутқа жуық үзілістер болуы мүмкін.
Ықтимал қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз.
ДӨО желілік жабдықтарына қызмет көрсету бойынша техникалық жұмыстарға байланысты, жоспарлы жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлаймыз. Жұмыс барысында IaaS, BaaS, DRaaS сервистері үшін интернетке қолжетімділіктің нашарлауы және байланыстың үзілуі мүмкін. Болжамды үзіліс 5 минуттан аспайды.
Бұл ретте ДӨО-ның басқа сервистері бірқалыпты жұмыс жасай береді.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, сіздің түсінігіңізге және одан әрі өзара тиімді серіктестікке үміттенеміз.