Құрметті клиенттер,
Сіздерді Ақтау қаласы, 14-шағын аудан, 74-құрылыс мекенжайында орналасқан Деректерді өңдеу орталығында (ДӨО) резервтік қуат көзі қосу бойынша жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілетіні туралы хабарлаймыз.
Өткізу күні: 2026 жылғы 21–22 ақпан
Өткізу уақыты: 10:00-ден 16:00-ге дейін
Аталған кезеңде электрқалқанда жұмыстар жүргізілуіне байланысты ғимараттың электрмен жабдықталуы уақытша өшіріледі.
Жүргізілетін жұмыстар объектінің ақауға төзімділік деңгейін арттыруға және энергиямен жабдықтауды қосымша резервтеуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Сіздерден:
– жұмысты жоспарлау кезінде ықтимал ажыратуды ескеруді;
– жұмыстар басталғанға дейін маңызды операцияларды аяқтауды;
– жабдыққа қол жеткізу қажет болған жағдайда жауапты тұлғалардың қатысуын қамтамасыз етуді сұраймыз.
Қосымша сұрақтар бойынша 5151 телефонына (Қазақстан Республикасы бойынша қоңырау шалу тегін) немесе contact@kazteleport.kz
электрондық поштасына хабарласуға болады.
Түсіністік танытқандарыңыз және ынтымақтастықтарыңыз үшін алғыс білдіреміз.
Осы арқылы «Сайрам-1» деректерді өңдеу орталығында А желісі бойынша 1.1 және 1.2 үздіксіз қоректендіру жүйелеріне жоспарлы сервистік жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлаймыз.
Жұмыстарды жүргізу күні мен уақыты: 2026 жылғы 16 ақпан, Астана уақыты бойынша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін.
Аталған жұмыстарды жүргізу барысында ұсынылатын қызметтердің үзілуі жоспарланбайды. Деректерді өңдеу орталығы штаттық режимде жұмыс істейді.
Ықтимал қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.
Жұмыстарды жүргізу кезінде ҮҚК жабдығы механикалық байпас режиміне ауыстырылады. Қуат дизель-генератор арқылы қамтамасыз етіледі. Ара-тұра «В» иығында қысқа мерзімді кернеу үзілуі мүмкін.