Құрметті клиенттер!
«Казтелепорт» АҚ Алматы қаласында орналасқан деректерді өңдеу орталығының (ДӨО) желілік инфрақұрылымында жоспарлы регламенттік жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлайды.
Жұмыстар 12 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша 05:00-ден 06:00-ге дейін өтеді. Көрсетілген уақыт аралығында ДӨО-ның бұлтты қызметтері бойынша интернет желісіне қолжетімділіктің қысқа мерзімді үзілуі мүмкін. Colocation қызметтеріне әсер етуі күтілмейді. Қолжетімділіктің жиынтық үзілу уақыты 10 минуттан аспайды.
Жұмыстар инфрақұрылымның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және оның ақауға төзімділігін арттыру мақсатында жүргізіледі.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс білдіреміз.
Ықтимал әсері: көрсетілген уақыт аралығында vCloud.kazteleport.kz және vCloud03.kazteleport.kz (инфрақұрылымды басқару) порталдарына қосылу шектеулі болады.