5151 ҚР ұялы телефондарынан тегін
+7 727 364 5151 Халықаралық қоңыраулар

Техникалық жұмыстар

Құрметті клиенттер! 2026 жылғы 6 наурызда 00:00-ден 06:00-ге дейін «Казтелепорт» АҚ желілік жабдықтарында жоспарлы жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлаймыз. Көрсетілген уақыт аралығында интернет-арналардың жұмысы мен FortiGate 100E құрылғысындағы VDOM-ға байланысты сервистерде ұзақтығы 15 минутқа дейінгі қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін. Қолжетімсіздіктің жиынтық уақыты 45 минутқа дейін жетуі ықтимал. Сондай-ақ осы кезеңде Астана қаласында орналастырылған бұлтты есептеу ресурстарының уақытша қолжетімсіздігі 45 минутқа дейін болуы мүмкін. Жұмыстар барысында 02.03.2026 жылғы жағдай бойынша қолданыста болған конфигурациялар қалпына келтіріледі. Көрсетілген күннен кейін енгізілген өзгерістерді сақтауды сұраймыз. Ықтимал қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Жұмыстардың сервистеріңізге әсерін барынша азайту үшін қажетті шаралар қабылдануда. Құрметпен, «Казтелепорт» АҚ
Құрметті клиенттер! «Казтелепорт» АҚ Алматы қаласында орналасқан деректерді өңдеу орталығының (ДӨО) желілік инфрақұрылымында жоспарлы регламенттік жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлайды. Жұмыстар 12 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша 05:00-ден 06:00-ге дейін өтеді. Көрсетілген уақыт аралығында ДӨО-ның бұлтты қызметтері бойынша интернет желісіне қолжетімділіктің қысқа мерзімді үзілуі мүмкін. Colocation қызметтеріне әсер етуі күтілмейді. Қолжетімділіктің жиынтық үзілу уақыты 10 минуттан аспайды. Жұмыстар инфрақұрылымның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және оның ақауға төзімділігін арттыру мақсатында жүргізіледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс білдіреміз.

Оқиғалар тарихы

«Казтелепорт» АҚ желілік инфрақұрылымында 15.03.2024 жылы сағат 00:00-ден 02:00 (GMT+5) дейін жоспарлы жұмыстар жүргізіледі.

Күтілетін жағдай: Ақтау қаласындағы таңдаулы бағыттардағы байланыс арналарының үзілуі

Жүргізілетін жұмыстар әсерін тигізуі мүмкін компанияның клиенттеріне электронды пошта арқылы қосымша хабарлама жіберіледі.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.