5151 ҚР ұялы телефондарынан тегін
+7 727 364 5151 Халықаралық қоңыраулар

Техникалық жұмыстар

Записи отсутствуют

Оқиғалар тарихы

Құрметті клиенттер, 2026 жылғы 30 сәуірде сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін «Сайрам 1» алаңында А ҮҚҚ (үздіксіз қуат көзі) жүйесіне қатысты батареялық шкафтар бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіледі. Жұмыстар кезеңінде электрмен жабдықтау сақталады және дизель-генераторлық қондырғыға (ДГУ) ауыстырылады. Форс-мажор жағдайлары туындаған жағдайда А желісі бойынша қысқа мерзімді іркілістер болуы мүмкін. Осы ақпаратты жоспарлау барысында ескерулеріңізді сұраймыз.
Құрметті клиенттер! «Казтелепорт» АҚ VMware инфрақұрылымын жаңарту аясында жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлайды. Жұмыстар 2026 жылғы 18 наурызда жергілікті уақыт бойынша 21:00-ден 23:00-ге дейін жоспарланған. Көрсетілген уақыт аралығында инфрақұрылымды басқаруға арналған vCloud.kazteleport.kz порталына қолжетімділік уақытша шектелуі мүмкін. Жоспарлы резервтік көшіру тапсырмалары белгіленген кестеден кешірек орындалуы ықтимал. Бұл ретте қалған сервистер қалыпты режимде жұмысын жалғастырады. Мүмкін болатын уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз. «Казтелепорт» АҚ
Қайырлы күн! Осы арқылы «Сайрам-1» деректерді өңдеу орталығында (ДӨО) ҮҚК 1.1 және 1.2 (A иығы) бойынша жоспарлы сервистік жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлаймыз. Жұмыстардың жүргізілу күні мен уақыты: 2026 жылғы 17 наурыз, Астана уақыты бойынша 10:00-ден 18:00-ге дейін. Аталған жұмыстарды жүргізу барысында электрмен жабдықтауда қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін. Ықтимал қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.
Құрметті клиенттер! «Казтелепорт» АҚ Алматы қаласында орналасқан деректерді өңдеу орталығының (ДӨО) желілік инфрақұрылымында жоспарлы регламенттік жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлайды. Жұмыстар 12 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша 05:00-ден 06:00-ге дейін өтеді. Көрсетілген уақыт аралығында ДӨО-ның бұлтты қызметтері бойынша интернет желісіне қолжетімділіктің қысқа мерзімді үзілуі мүмкін. Colocation қызметтеріне әсер етуі күтілмейді. Қолжетімділіктің жиынтық үзілу уақыты 10 минуттан аспайды. Жұмыстар инфрақұрылымның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және оның ақауға төзімділігін арттыру мақсатында жүргізіледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс білдіреміз.